Мереке күндері елордада күн жылы болады

АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Мереке күндері елордада күн бұлттанып, жылы болады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркіреуі ықтимал. Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК-дан мәлім етті.

Ертең, 7 мамырда синоптиктер күн бұлттанғанымен, жаңбар жаумайды деп отыр. Оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 8 10°C, күндіз 22 24°C көтеріледі.

8 мамырда елордада күн құбылмалы болады. Күндіз жаңбыр жауып, күн күркіреуі мүмкін. Желдің бағыты оңтүстіктен солтүстік-батысқа өзгеріп, секундына 9-14 метрге, кей жерлерде желдің екпіні 18 метрге дейін жетеді. Сынап бағаны түнде 11 13°C, күндіз 23 25°C шамасында болады.

9 мамырда да Астанада жаңбыр жауып, желдің бағыты 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 7-9, ал күндіз 17-19 градус жылылықты көрсетеді.