Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай қалалық емханаларда учаскелік дәрігерлер мен мобильді бригадалар жұмыс істейді.
«Алда мерекелер бар, алайда біз халыққа медициналық көмек көрсету үшін үздіксіз жұмыс істей береміз. Қажет болған жағдайда пациенттер учаскелік дәрігерлерге жүгіне алады. Сол сияқты сағат 08:00-20:00-ге дейін жұмыс істейтін көшпелі бригадаларды да шақыра алады. Ал «жедел жәрдем» қызметі тәулік бойы қызмет етеді. Жедел шақырулардың 4 санатына емханалардағы ЖМК қызмет көрсетеді», - деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.
Рүстемова мереке күндері салалық мамандар жұмыс істемейтінін, ал жексенбіде тек кезекші дәрігерлер көмек көрсететінін атап өтті.
«Қала тұрғындары мереке күндері өз емханаларының колл-орталықтарына немесе учаскелік дәрігерлерге қоңырау шалады. Байланыс нөмірлері олардың сайттарында және әлеуметтік желіде көрсетілген», - деді ол.