Мереке күндері ХҚО-лар қалай жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Конституция күніне байланысты Қазақстанның Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚО-лар) мен мамандандырылған ХҚО-лары 28, 29 және 30 тамызда жұмыс істемейтінін хабарлайды.

«Облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалардағы кезекші ХҚО-лар 29 тамызда 9.00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді. 29 тамызда «Қазпошта» АҚ тарапынан жоспарланған техникалық жұмыстарға байланысты кезекші ХҚО-ларда кассалар арқылы мемлекеттік баж төлеу мүмкіндігі болмайтынын ескертеміз. Клиенттер мемлекеттік қызметтерді банк қосымшалары мен QR-код арқылы төлей алады.

27 тамыз жұмыс күні болып бекітілгенін тағы еске саламыз. Бұл күні ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейді. 31 тамызда ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар жұмысын қайта бастайды»,-делінген хабарламада.

Еске салайық, ХҚО-лардың әдеттегі жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.

Кезекші ХҚО-лар дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, ал сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.