Мереке күндері интернет арқылы сатып алынған теміржол билеттері тегін жеткізілетін болды

АСТАНА. 16 наурыз. ҚазАқпарат - 2012 жылғы 22 наурызда, 1-9 мамыр аралығында, 16-ыншы және 25-і мен 31 желтоқсан күндері аралығында

Астана мен Алматы қалаларында  интернет арқылы теміржол билеттерін ресімдеген жолаушыларға билеттер тегін жеткізілетін болады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Билеттерді тәулік бойы мына сайттар арқылы ресімдеуге болады www.railways.kz , www.temirzholy.kz , www.pcentre.kz . Теміржол билеттері тұрғын үйлерге, кеңселерге және қонақ үйлерге жеткізіледі.

Жеткізіп беру қызметіне тапсырыс 9.00 ден 21.00 ге дейін жүргізіледі. Тапсырыс күн сайын пойыз жөнелтілгенге дейін бір тәулік бұрын қабылданады,  билет пойыз жөнелтілгенге дейін 6 сағаттан аспайтын уақытта жеткізіледі.  

Жеткізу қызметінің телефондары: Астана  стансысы бойынша- (7172) 94-22-12; 94-31-46; Алматы-2 стансысы бойынша (727) 296-11-36