Мереке күндері павлодарлық «Астана» мұз айдыны 3 миллионыншы келушіні қабылдады

None
ПАВЛОДАР. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Мереке күндері Павлодарлық «Астана» мұз айдыны 3 миллионыншы келушіні қабылдады, деп хабарлады баспасөз хатышысы Олег Прописнов.

Ресейден келген 70 жастағы Жақсылық Садықов 3-ші миллионыншы келуші болды. Ол Алтай аумағында тұрады, дене шынықтыру мен спортқа ден қойып, салауатты өмір салтын ұстанатын адам. Ж. Садықов - павлодардық «Ертіс» командасының жанкүйері.

Оған естелік ретінде «Ертіс» ХК ойыншыларының қолтаңбасымен хоккейлік жейде сыйға тартылды. Сонымен қатар спорт сарайында өтетін бүкіл сайыстарға барып, тұрақты VIP ложасына отыру үшін есімі жазылған сертификат берілді.

Павлодардағы спорт-сауықтыру орталығы 2003 жылдың қазан айында Елбасының қатысуымен ашылған еді. Бұл жерде хоккейшілер мен мәнерлеп сырғанаушылардың жаттықтырулары, сондай-ақ халықаралық және облыстық жарыстар өтеді. Айта кетейік, «Астана» мұз айдыны күн сайын 1500 адамға дейін қабылдай алады.