Мереке күндері мониторинг топтары рейд шараларын жалғастырды. Оның барысында бірқатар заңбұзушылықтар анықталған.
Мысалы, Қарағанды облысының Жезқазған қаласындағы «Ұлытау» мейрамханасында 50 адамның қатысуымен той өткізілген.
Бұл - санитариялық дәрігерлердің нұсқауын тікелей бұзу.
Жезқазған қаласында пандемия басталғаннан бері барлығы 175 кемшілік анықталған, оның ішінде 19-ы - отбасылық іс-шараларды өткізу фактілері.
Тәртіп бұзушыларға 19 737 690 теңге айыппұл салынған.
«Құрметті қазақстандықтар, өз денсаулығыңыз - өз қолыңызда, осыны естен шығармаңыздар» деп ескертеді комиссия.