Мереке күндеріне арналған ауа райы болжамы - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 5-7 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынады.

«Республика аумағының үлкен бөлігі циклонның ықпалында тұр, кей жерлерде найзағайлы өткінші жаңбыр сақталады, елдің шығысында жаңбыр күтілуде, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Иран аудандарынан жылы ауа массасының шығуымен республиканың батыс және оңтүстігінде температураның түнде 15-25 градусқа дейін, күндіз 33-38 градусқа дейін көтерілуі күтілуде. Солтүстік және орталық облыстарда сынап бағанасы түнде 10-20 градусқа дейін, күндіз 25-35 градусқа дейін көтеріледі, ал шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарында түнде температура 8-18 дейін, күндіз 20-28 жылыға дейін төмендейді», - деп жазылған хабарламада.