Үлкен ұлы гүл алып, анасын 8 наурыз мерекесімен құттықтауға келген. Кіре сала көргені - полицейлер, өлі жатқан анасы, ал балконның астында ортаңғы інісінің денесі жатты.
«Дариғаның «көмектесіңдер» деген дауысын естідім, пәтераралық қабырғаны ұрдым. Оның «ұлым мен сенің анаңмын ғой!», деп айғайлап жатқаны естілді. Бірден полицияға хабарластым. Олар келгенде, ол анасын өлтіріп, өзі бесінші қабаттың балконынан секіріп кеткен», - деп еске алды көршісі Салтанат.
Анасын өлтірген жігіт психиатриялық клиникада есепте тұрған.
«Ол ұзақ уақыт Қарағандыда тұрған жоқ, Шымкентте тәтесінің қолында болды. Таяуда тәтесі қайтыс болып, Дариға Оңтүстік Қазақстанға жерлеу рәсіміне барып келді. Сол жақтан ұлын бірге ертіп келді. Ол ешқайсымызбен араласқан жоқ. Дариғаның мінезі ашық болатын, өзі тұрып жатқан үйдегі азық-түлік дүкенінде жұмыс істеді», - деді көршісі Любовь.
Сегізінші наурызда Дариға ауысымнан шығып, дүкен әкімшілігінен гүл алып, үйіне қайтқан. Бір сағаттан соң осы қайғылы жағдай орын алды.
33 жастағы ер адам өз анасын өлтіріп, бес қабатты үйдің балконынан секіріп кеткенін бұған дейін хабарлаған едік. ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, ҚР ҚК 99-бабы бойынша қылмыстық іс тергелуде.