Мереке күні елімізде 2000-ға жуық қылмыс тіркелді - ІІМ

None
АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - Мереке күні елімізде 2000-ға жуық қылмыс тіркелді, деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

«Мереке күндері, яғни 31 желтоқсан - 3 қаңтар күндері 1952 қылмыс жасалды, оның жартысы кезекшілік тәулік ішінде ашылды. 37 адам өлтіру қылмысы тіркелді, оның ішінде 26 ашылды. 6 қарақшылық шабуыл, 231 тонау, 939 ұрлық жасалды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар ведомствоның атап өтуінше, бұрын жасалған 206 қылмыс ашылды, оның 150-і өткен жылдар санатындағылар. Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде тергеуден және соттан қашып жүрген 40 қылмыскер іздестіріліп, табылды.

Жедел іс-шаралар өткізудің нәтижесінде 7 есірткі қылмысы анықталды, оның 2-уі сату фактісі. Заңсыз айналымнан 2 келі марихуана, 359 грамм героин алынды.