Олардың қатарында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері, ауған соғысының ардагерлері, жетім балалар және тағы басқалар бар, деп хабарлады Астана қаласының ресми сайты.
Ағымдағы жылдың ақпан айында Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мереке және айтулы күндерге орай мына санаттағы тұрғындарға үш мың теңге мөлшерінде бір реттік әлеуметтік көмек көрсетті:
Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері (15 ақпан - Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылған күні) - 1 112 адамға, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін алған көпбалалы аналар, төрт және одан да көп баласы бар отбасылар (8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні) - 6 552 адамға көмек көрсетілді.
Мереке және атаулы күндерге орай бір реттік әлеуметтік көмек Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 410/54-IV шешімімен бекітілген «Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережелері» негізінде көрсетілді.
«Казкоммерцбанк» АҚ, «АТФ банк» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ, «Метробанк» АҚ, «Нұрбанк» АҚ, ДБАО «Жинақ банкі» АҚЕБ , «Fortebank» АҚ және «Банк Центр Кредит» АҚ банктерінен зейнетақы және жәрдемақы алатын, жоғарыда аталған санатқа жататын тұлғаларға осы әлеуметтік көмекті көрсету үшін Астана қаласындағы басқа екінші деңгейлі банктен ашқан жеке немесе карта шотын беруін сұраймыз. Өйткені, жоғарыда аталған банктер басқармамен жұмыс істемейді», - делінген хабарламада.
Шотты Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына (ардагерлермен және мүгедектермен жұмыс істеу бөлімі) әкелу қажет. Мекен-жайы: Иманбаева 16, №6 кабинет, байланыс телефоны: 21-65-09.