Мерекеде елордалық полицейлер күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді
Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұл күндері қоғамдық тәртіпті сақтауға 2 мыңнан астам полиция қызметкері, екі әскери бөлімнен 400-ден астам әскери қызметкер, 120-дан астам қызметтік автокөлік тартылған.
Қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға полиция қызметкерлерімен бірге жеке агенттіктердің жұмылдыру топтары мен полицияның қоғамдық көмекшілері белсене атсалысуда.
Сондай-ақ, жаяу жасақтар мен автокүзеттер нығайтылып, полиция қосындары қосымша күшейтілді. Мерекелік іс-шаралар өтетін орындарға күзет жасақтары барынша шоғырландырылды. Көші-қон полициясының қызметкерлері орталық базар мен құрылыс нысандарындағы іс-шараларды толық тексеруден өткізді. ІІБ-да есепте тұрған, бұрын сотталған адамдарды тексеру бағытында шұғыл-алдын алу іс-шаралары жүргізілді.