Жалпы ауданы 5000 шаршы метрді құрайтын роликдром Астананың барлық бүлдіршінін сыйғыза алды. Ұйымдастырушылар коньки мен ролик тебуге әлі бейімделмеген балалар үшін арқан тартыс ойынын өткізді.
Түрлі жарыстар мен шеберлік сағаттарынан өзге көпшілік назарына мұз айдындағы мерекелік шара ұсынылды. Концерттік бағдарлама аясында ғажайып анимациялық көрсетілім мен аквагрим балалардың көңілін көтерді.
«Біздің мақсатымыз - қалалық спорт орталығын құру. Балаларда спортпен айналысу мүмкіндігі болуы керек, - деді «Алау» мұз сарайының директоры Наиль Нуров. - Қалалық әкімдіктің қолдауымен ертеңнен бастап 500 астам мектеп жанындағы лагерь тәрибеленушісі аталмыш спорт орталығына келетін болады. Олар үшін арнайы жеңілдіктер қарастырылған».