Шымылдығын мемлекеттік Әнұранмен ашқан салтанатты жиынға қатысушылардың назарына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы түсірілген деректі фильм ұсынылды. Салтанатты жиында сөз алған аудан әкімі Абзал Мұхимов бұл күннің еліміз үшін маңыздылығын ерекше атап өтіп, мемлекеттік мерекемен аудан тұрғындарын құттықтады.
Сонымен қатар, аудандағы 44 ардагерге аудан әкімінің Алғыс хаты берілді. Мерекенің басты тартуы - орталық мешітке жаңа «Нива» автокөлігінің табыс етілуі болды. Жиын соңы мерекелік концертке ұласты.