Бұл туралы өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан хабарлады.
«Мереке қарсаңында атаулы әлеуметтік көмек алатын көпбалалы аналарға 18 460 теңгеден берілуде. Бүгінде Павлодар қаласы бойынша мұндай біржолғы төлемге 277 ана ие болды. Ал облыс бойынша 700-ден аса адамға тағайындалады», делінген ақпаратта.
Аталған төлем аналардың есеп-шотына автоматты түрде аударылатын болады.