Мерекелік аптаның бір күнінде Бейжіңге миллионнан астам турист барды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - ҚХР-дың 66 жылдығына орай өткен мерекелік аптаның бір күнінде Бейжіңге 1,15 млн. турист барды, деп хабарлады орталық Қытай БАҚ-тары.

1 қазанда «Тыйым салынған қала» - Гугун императорлық сарайын (Қытай астанасының геометриялық орталығында Тяньаньмэнь алаңының маңында орналасқан) тамашалауға арналған билеттерді сату сағат 13-те тоқтатылды, өйткені бұл уақытқа дейін 80 мың билет сатылды. Бұл күндізгі келушілердің ең жоғарғы көрсеткіші.

Аспан ғибадатханасында (Қытай императорларының сиынатын және құрбандық шалатын орны) 58 мың адам (өткен жылғы көрсеткіштен 191% көп), Ұлы Қытай қабырғасының Бадалин учаскесінде 25 мың турист (40% өскен) болды.

Қытайда демалыс күндері 8 қазанға дейін созылады.