Мерекелік демалыс күндері Астана мен Алматыда қай жерлерге баруға болады
Астана
Бір апта бойы қаланың барлық мəдени орындарында Тəуелсіздік күніне арналған көрмелер, театр премьералары мен концерттер өтеді.
Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыка-драма театрында Д.Рамазанның "Абылайханның арманы" тарихи драмасы қойылады. Басталуы 18:30-да.
16 желтоқсан күні 18:00-де М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында балалар М.Булгаковтың "Мастер мен Маргарита" спектаклін тамашалай алады.
Қуыршақтар театрында Қ.Ешмұратованың "Атамекен" ертегісі қойылады. Басталуы 12:00 жəне 14:00-де.
«Астана» концерт залында 19:30-да «Ән мен әнші» мерекелік концерті өтеді.
Сондай-ақ, қалалық алаң мен "Бəйтерек" монументті алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен екі ауқымды концерт өтеді. Басталуы 18:00-де.
22:00-де Астана тұрғындары мен қонақтары Есіл өзенінің жағалауында, "Хан Шатыр" СОСО жанында жəне Абылайхан даңғылы мен Пушкин көшелерінің қиылысында Тəуелсіздік күніне арналған мерекелік отшашуды тамашалай алады.
17 желтоқсан күні Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыка-драма театрында Ұлықбек Есдəулеттің «Зере» драмасы қойылады. Басталуы 18:30-да.
М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Г.Андерсеннің "Түйме қыз" ертегісі қойылады. Сондай-ақ, ересектер 18:00-де К.Людвигтің "Примадонналар" комедиялық спектаклін тамашалай алады.
«Астана» концерт залында «Сарыарқа» халық аспаптар ансамблінің қатысуымен «Думанды ел» концерті өтеді.
19:00-де Бейбітшілік жəне келісім сарайында танымал əнді Ғаділбек Жанайдың «Керек екенсің» атты концерті болады.
18 желтоқсан күні балаларға арналған қуыршақтар театрында "Аяз атаның ертегілері" жаңажылдық қойылымы өтеді.
«Астана Опера» театрының камералық залында кішкентай көрермендер үшін "Ішекті аспаптардың тату жанұясы" концерті қойылады. Басталуы 12:00-де.
19:00-де Қазақ ұлттық өнер университетінің орган залында ішекті камералық оркестрдің "Музыкалық əңгіме тарихы" концерті өтеді.
19:00-де «ЭКСПО» аумағында еліміздің Бас шыршасы салтанатты түрде жағылады.
19 желтоқсан күні 12:00-де «ЭКСПО» аумағында «- 20°C-тағы Zumba strong» флешмобы өтеді. Сонымен бірге, 14:00-де ЭКСПО-да «Astana Winter Land» қысқы фестивалі ашылады.
«Астана» концерт залында 19:00-де үрлемелі аспаптар оркестрінің «Күй дастан» концерті өтеді.
Алматы
16 желтоқсан күні «Алматы Арена» мұз сарайында қазақ күресінен «Еуразия Барысы» бесінші халықаралық чемпионаты басталады.
М.Əуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында «ҚЫЗ МҰҢЫ» (Печаль любви моей...) лирикалық драмасы қойылады. Басталуы 18:30-да.
М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында
Э. де Филиппоның «Филумена» медодрамасының тұсауы кесіледі. Басталуы 18:00-де.
Мемлекеттік қуыршақтар театрында балаларға қазақ жəне орыс тілдерінде «Алтын Адам» ертегісі көрсетіледі. Басталуы 11:00 жəне 12:30-да.
17 желтоқсан күні 10:00-де Желтоқсан жəне Сəтпаев көшелерінің қиылысында «Тәуелсіздік таңы» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.
17, 18 желтоқсан күндері «Алматы Арена» сарайында «Алиса айнаның арғы жағында» мұз үстіндегі шоуы көрсетіледі.
11:00-де М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында балаларға Т.Габбенің «Шыныдан жасалған кебіс» ертегісі қойылады. Кейін 18:00-де А.Грибоедовтың "Ақыл азабы" спектакль-трагикомедиясы өтеді.
Мемлекеттік қуыршақтар театрында кішкентай көрермендер үшін «ҚАҢБАҚ ШАЛ» қазақ жəне орыс тілдерінде қойылады. Басталуы 11:00, 12:30.
19 желтоқсан күні 19:00-де М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында «Пигмалион» шоуы өтеді жəне театрдың кіші залында Д.Баронның «Грин мырзаға қонаққа бару» спектаклі қатар өтеді.