Мерекелік концерт, оркестрлер шеруі: Алматы Рәміздер күнін қалай атап өтуде
Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қазақстаннның мемлекеттік рәміздері Отанымыздың тарихы мен дәстүрін және халқымыздың қайталанбас ерекшелігі мен ұлылығын паш ететінін атап өтті.
«Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Президенттің барлық бағдарламалары мен реформалары қарапайым қазақстандықтарға, ең алдымен жастарға бағытталды. Биылғы жылы жарияланған Елбасының Бес әлеуметтік бастамасы жас отбасылардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға, студенттік жатақханалар мәселесін шешуге, сапалы жоғары білім алуға кең мүмкіндік береді. Осынау базалық басты негіздер әрбір жас адамның өз әлеуетін жүзеге асыруға, табысқа жетуіне жол ашады», - деді қала басшысы.
Сонымен қатар, бүгін Панфилов көшесі бойымен Абай атындағы опера және балет театрынан Жібек жолы көшесіне дейін оркестрлердің мерекелік шеруі өтетіні жоспарланған.