Тасымал компаниясының мәліметінше, мереке күндері жолаушылар арасында Астана-Алматы, Астана-Шымкент, Шымкент — Ақтөбе және Павлодар — Астана бағытындағы пойыздарға сұраныс жоғары болған. 7, 9, 21 және 23 наурыз күндері аралығында жолаушылардың қарасы көп болған.
«Мереке күндері тасымалға сұраныстың жоғарлауына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша 3 пойыз және вагондар тіркеу есебінен жолаушыларға 30 мыңнан астам қосымша орын ұсынды. Сонымен қатар, қала маңындағы бағыттарға электрпойыздардың 4 рейсі қосылып, пойыздардың құрамы ұлғайтылды» — делінген хабарламада.
Айта кетейік, жыл сайын ұлттық тасымалдаушының пойыздарын 13 миллионнан астам жолаушы пайдаланады.