Мерей Ақшалов: ҚР бокс федерациясы кубогы қайта жанданады
АСТАНА.KAZINFORM — Қазақстан бокс федерациясының кубогы қайтадан өткізіле бастайды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов Kazinform тілшісіне айтып берді.
ҚБФ бас хатшысының айтуынша, осығайн дейін өткізіліп келген дәстүрлі турнир осы жылы күзде қайта жанданады.
— Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліптің жеке қолдауымен, турнирдің жүлде қоры 150 мың долларды құрайды. Жақынғы уақытта қай жерде өтетінін нақтылаймыз. Айта кетерлігі, турнир World Bxoing ұйымының бекткен ерлер және әйелдер арасындағы олимпиадалық салмақ дәрежесі бойынша өтеді, — деді Ақшалов.
Оның айтуынша, аталған байрақты бәсекеге ұлттық құраманың 1-2 нөмерлі боксшылары қатыса алмайды.
— Жаттықтырушылар кеңесінің шешімі бойынша турнирге 18 жасқа толған 3-4 нөмерлі боксшылар қатысады. Аймақтық командалар қатысады деп күтеміз, - деді Мерей Ақшалов.
Еске сала кетейік, бүгін елордадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде ҚР бокс федерациясының жылдық конференциясы өтті.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Шри-Ланка астанасы Коломбо қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қазақстандық 11 жас боксшы финалға шықты.