Мерей Мәулетханов Сербиядағы әлем чемпионатында қола жүлде еншіледі
22:47, 22 Қазан 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Дүбірлі дода Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатыр, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.
Сербияда жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен алғашқы жүлдесіне қол жеткізді.
Мерей Мәулетханов ұлттық құрама қоржынына алғашқы медальді салды.
— Қазақстандық балуан 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды. Қола үшін өткен белдесуде отандасымыз ресейлік Данил Григорьевті айқын басымдықпен жеңді, — делінген хабарламада.
Бұдан бұрын Грек-рим күресінен Қазақстан жастар құрамасының өкілі Юсуф Мациев Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан U23 әлем чемпионатының финалына өткенін жазған едік.