Жоғары спорт шеберлігінің тәрбиеленушісі, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мерей Медетов 200 метр қашықтықта каноэ - екілік бәсекесінде Азия чемпионы атанды.
№5 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшысы, ҚР спорт шебері Алтынбек Қожахмет 1000 метр қашықтықта каноэ - бірлік сынында қола жүлдеге ие болды.
Спортшыларды жарысқа ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мұхитдин Мейірбеков дайындады.