«Мерейлі отбасы» байқауына 16 аймақтан 1298 отбасы қатысты. Аймақ жеңімпаздары бүгінде Астанаға келді. Халықтың интернет арқылы дауыс беруінің нәтижесінде 19 қыркүйек күні байқау жеңімпазы анықталады», - деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, бұл байқау отбасының беделін арттыруға, қоғамның рухани жаңаруына, мемлекеттің одан ары нығаюына ықпал ететін болады.
«Шын мәнінде Қазақстанда өнегелі отбасылар өте көп. Басым бөлігі өз тіршілігімен айналысып, бала-шағасын өсіріп отыр. Ал оларды халыққа таныту, насихаттау арқылы жастарға тәлім-тәрбие, жас отбасыларға өнеге көрсету қажет», - деді Л.Сүлеймен.