Дәстүр бойынша шараға отбасы мүшелері еңбекте, спортта, шығармашылықта, ғылымда жетістікке жеткен отбасылар қатыса алады. «Мерейлі отбасы» байқауы үш кезеңнен тұрады: бірінші кезең - аудандық (қалалық), екінші кезең - облыстық, үшінші кезең - республикалық. Үздік отбасыны анықтау барысында қазылар алқасы отбасы мүшелерінің жетістіктерінің көптігі мен маңызына, отбасылық дәстүрлер мен жәдігелерге, отбасының рухани-адамгершілік құндылықтарына, балалардың жетістіктеріне, өзінің түп-тамырын білуіне, отбасының өмір сүру салтына назар аударатын болады. Еске сала кетейік, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы адамгершілік құндылықтарды қайта жаңғыртуға, отбасы мәртебесін көтеруге бағытталған. Шараның мақсаты - отбасы институты, адамгершілікті, руханилықты, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігін, отбасы құндылықтарын насихаттау, кәмелетке толмаған балаларды еңбекке жарамсыз және қарт ата-аналарына қамқорлық жасауға үгіттеу, сонымен қатар қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау. Байқауға қатысуға өтініш қабылдау ағымдағы айдың соңына дейін жалғасады.
14:45, 09 Сәуір 2015
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтініштер қабылдана бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде үшінші жыл қатарынан «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы жарияланды. Оны дайындау және өткізу бойынша ұйымдастыру комитеті байқауға қатысуға өтініштер қабылдауды бастап кетті, деп хабарлайды astana.kz.