Мэнсон ауруханаға жеткізілген, қазіргі кезде оның жағдайы ауыр емес. Басылымның мәліметтеріне қарағанда, оқыс жағдай концерт басталғаннан бір сағаттай уақыт өткен соң болған. Мэнсон сахна төрінде Sweet Dreams әнін орындап тұрғанда кенет артқа қарай құлап кеткен. Сахна безендірілген реквизиттердің бірі аяғына оралып қалып, әнші тепе-теңдігін жоғалтқан болуы мүмкін. Ансамбльдің басқа мүшелері Мэнсонның өздігінен тұра алмайтынына көзі жеткен соң, музыканы тоқтатып, оған көмектескен. Салдарынан концерт үзілген.
Әншінің басқа концерттерінің болу-болмауы жайлы әлі ақпараттар жоқ.