Монроның өмірі жайлы blogtime.kz жазады. 1.Норма Джин Бейкер 1926 жылы Лос-Анджелес қаласында дүниеге келді. Оның анасы Гледис Монро Бейкер оған сол кездегі танымал әртіс Норма Толмэдждың есімін береді. Құжаттарда болашақ актрисаның әкесі Мартин Мортенсон деп көрсетілген. Алайда, ол кезде Мортенсон мен кішкентай Норманың анасының ажырасқанына біраз уақыт болып қалған еді. Сондықтан, Мортенсон Норманың әкесі болуы мүмкін емес және Монроның нағыз әкесі кім екені белгісіз. Кейіннен анасы Нормаға өзінің бірінші жұбайының тегін береді.
2.Монроның анасы есі ауысқан әйел болатын. Норма туған соң екі аптадан кейін анасы оны патронатты отбасының тәрбиесіне береді. Ал, анасының өзі психиатрлық емханаға жатады. Патронатты отбасында кішкентай қыз жеті жыл тұрып, тәрбиеленеді.
3.1946 жылдың тамыз айында қарапайым америкалық қыз Норма Бейкер әлемге аты мәшһүр Мерлин Монроға айналады. Ол атақты «20th Century Fox'» киностудиясымен келісім шартқа отырады. Болашақ жұлдызға кино мамандары Кэрол Линд, Клэр Норман, Мерилин Миллер сияқты лақап аттарды ұсынады. Осы аттардың ішінен актриса Мерилин есімін тандап, анасының Монро атты тегін алады. Осылайша, шоу-бизнес әлемінде Мерилин Монро есімді жарық жұлдыз пайда болды. 4.Монромен жұмыс істеген көптеген режиссерлер актрисаға өз шағымдарын айтады. Олардың айтуы бойынша: Мерилин түсірілім кезінде сценарийді жиі ұмытып, өте көп қателеседі екен. Тіпті, кейде бір эпизод түсіру үшін 40-тан астам дубль қажет болған деседі.
5. Монро PlayBoy журналының алғашқы басылымының мұқабасында бейнеленген.
6.Монро өзінің сыртқы келбетіне көп көңіл бөлген. Ол күніне тек бір-ақ рет тамақтанған, кей күндері апельсин шырынын ғана ішіп жүре берген. Және, міндетті түрде, ол аптаның бір күнінде тіс дәрігеріне барып қаралған.
7.Көп адамдар Монроның «жеңілтек, ақымақ сары қыз» деп қабылдайды. Ал, негізі оның жеке кітапхана қорында 400-ден астам кітап болған екен. Актрисаның сүйікті жазушылары: З.Фрейд, Л.Толстой, Ф.Достоевский, Скотт Фицджеральд, А.Камю, Джеймс Джойс.
8. «Желіккен жетінші жыл» фильмінде желкем көйлекпен түсірілген атақты эпизодты түсіру ( cуретте) барысында Мерилин «Виски-сауэр» коктейлін ішеді. Осы фильмнен кейін дәл осы сусын сатылым «хитына» айналады. 2011 жылдың 19-шы маусымында атақты ақ көйлек аукционда 4,6 миллион АҚШ долларына сатылады.
9. 1961 жылы Монро Джон Кеннедимен танысып, онымен жақын байланыста болады. Кеннеди мен Монро туралы өсектер халық арасында тез тарайды. Монроның өліміне өзінің көңілдесі болған америкалық президенттің қатысы бар деген әңгіме бекер емес.
10.Мерилин Монро ең танымал солақайлардың қатарында. Бірақ, ол барлық фотосуреттерінде іс-қимылдың барлығын оң қолымен жасағаны айқын көрінеді.
11. Мерилин Монро - «Твиттер» желісінде "қайта тірілген" адам. "Authentic Brands Group" компаниясы «Мерилин Монро» брендтік атауын 30 миллион долларға сатып алып, Твиттерде @MarilynMonroe атты аккаунт ашты.