Бұл жерде Лос Анжелестегі "Пирс бразерз Вествуд вилледж мемориал парк" зиратында орналасқан сағанадағы актердің есімі жазылған тақташаның дәл жанындағы секция туралы сөз болып отыр, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
"И-бэй" электрондық аукционында бастапқы баға тамыздың 14-інде 500 мың доллар деңгейінде болған. Сауда дүйсенбі күні 4 миллион 602 мың 100 доллар сомасында аяқталды.
Мэрилиннің бұрынғы күйеуі - бейсболшы Джо ДиМаджио өз сүйіктісімен ешқашан ажырамас үшін кезінде Вествуд зиратында екі орын сатып алған. Бірақ 1954 жылы Джо мен Мэрилин ажырасып кетеді. Сол кезде ДиМаджио өз орнын Ричард Пончер деген біреуге сатады. Енді міне сол орын электрондық аукционда 4,5 миллионнан астам долларға сатылып отыр.