Меркель Forbes нұсқасы бойынша беделді әйелдердің көшін бастады
17:15, 07 Маусым 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германия канцлері Ангела Меркель Forbes нұсқасы бойынша беделді әйелдердің көшін бастады. америкалық басылым тізімді дүйсенбі күні, 6 маусымда жариялады.
АҚШ президенттігіне үміткер Хиллари Клинтон екінші, АҚШ Федералды резервті жүйесінің басшысы Джанет Йеллен үшінші орында.
Атап өту керек, А. Меркель Forbes журналының 100 ең беделді әйелдер тізімінде алтыншы рет бірінші орынға ие болды.