Қазіргі уақытта Германияға Меркель ХДС/ХСС партиялық одағы мен «Әлеуметтік-демократиялық партия»коалициясы басшылық етіп отыр, деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі. Парламенттік сайлау Германияда қыркүйектің 27-сіне белгіленіп отыр.
«Мен басқа коалиция құруға талпынып отырмын, нақты айтқанда, «Еркін демократиялық партиямен» күшті коалиция құрғым келеді. Менің ойымша, заң шығарушы биліктің келесі кезеңіндегі басты мақсаттарға - жұмыс орындарын құру, дағдарыстан тез шығу және экономикалық дамуды ынталандыру мақсаттарына
«Еркін демократиялық партиямен» ынтымақтастықта жол жеткізу табыстырақ болады деп ойлаймын»,- деп мәлім етті Меркель ханым жексенбі күні «Еркін демократиялық партиясының» канцлерлікке ұсынып отырған кандидаты, елдің сыртқы істер министрі және вице-канцлері Франк-Вальтер Штайнмайермен болған сайлауалды тележекпе-жегінде.