Айта кетейік, 2 шілде күні Германия сыртқы барлау қызметінің қызметкері АҚШ пайдасына тыңшылық жасағаны үшін тұтқынға алынғаны белгілі болған еді. Осыдан кейін А.Меркель бұл оқиғаның екі ел арасындағы сенімге сызат түсіргенін жариялаған-ды.
Ал сәрсенбіге қараған түнде неміс канцлерімен тілдескен Б.Обама АҚШ-тың Германиямен құпия қызметтер, оның ішінде барлау деңгейіндегі ынтымақтастықты жақсартуға ұмтылатындығына сендіріп бақты.
«Президент пен канцлер АҚШ пен Германияның барлау саласындағы ынтымақтастығы бойынша пікір алмасты және екі елдің көшбасшылары болашақта ынтымақтастықты жақсарту үшін тұрақты байланыста болады», - делінген Ақ үй мәлімдемесінде.