Меркель: Тыңшылық дау-дамайы АҚШ-қа деген сенімге нұқсан келтіруі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германия Канцлері Ангела Меркель АҚШ пайдасына тыңшылық етуі мүмкін бундесреспублика азаматтарының біріне қатысты айыптау түйінді мәселе екенін атады.

Оның сөзіне қарағанда, егер де бұл ақпарат расталған жағдайда, онда ол екі ел арасындағы өзара сенімге нұқсан келтірілуі мүмкін.

Бұл - өткен аптада неміс құпия қызметтерінің қызметкері тұтқындалғаннан кейінгі Меркельдің алғашқы мәлімдемесі.

Тергеу нұсқасына қарағанда, аталған қызметкер мен АҚШ арнайы қызметтерінің арасында байланыс екі жыл бойы жалғасқан көрінеді. Осы уақыт ішінде ол америкалық тарапқа 200-ден астам құжатты беріп үлгерген.

Осы орайда Германия Ішкі істер министрі Томас де Мезьер Вашингтон тарапынан түсініктеме талап етті, деп жазады ВВС.

Атап айтқанда бұдан бұрын АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік агенттігі Ангела Меркельдің телефонына тыңшылық жасады деген ақпарат таралғаннан кейін екі ел арасындағы қарым-қатынас айтарлықтай суып кетті.