Меркель жаңа жылда еуроны тұрақтандыруға шақырады

АСТАНА. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат - Германия канцлері Ангела Меркель өзінің жаңажылдық үндеуінде алдағы жылы еуроны тұрақтандыруға шақырады, деп хабарлайды Би-Би-Си.

Телевизиялық үндеуінде Меркель еуропалықтарды жалпы валютаны тұрақтандыруға шақырады, оның пікірінше, ол көркеюдің негізі болып табылады.

Би-Би-Си тілшісі атап өткендей, осыған дейін Германия еуроаймақтың нашар дамыған мүшелеріне көмектесуді тоқтатады деген болжамдар туындаған еді, олай болған жағдайда елдер еуродан бас тартады.