«Ұзындығы 262 км «Меркі-Бурылбайтал» автожолын қайта жаңарту 4 учаскеге бөлінген. Оның ішінде Меркі кентінен Шу қаласына дейінгі 86 км жол учаскесі 4 жолақты қозғалысы бар І-ші техникалық санатқа жатады. Ал, Шу қаласынан бастап Бурылбайтал ауылына дейінгі 176 шақырымды құрайтын қалған 3 учаскеде 2 жолақты II-ші техникалық санаттағы жол жасалады», делінген хабарламада.
Толығымен жаңартылған автомобиль жолы Тәтті, Шу, Бірлік елді мекендері арқылы өтеді.