Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, қыркүйектің 26-сы күні 18 сағат 40 минутта Жамбыл облысы Меркі ауданы «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автожолының 8-ші шақырымында «МАН» автобусы өртенген. 29 жастағы жүргізушінің көлігінде 16 жолаушы болған.
Автобустан 15 адам дереу қауіпсіз жерге шығарылды. Дегенмен, жол апаты салдарынан 55 жастағы ер адам мерт болды. 35 жастағы тағы бір еркек ауруханаға жеткізілді.
Өрт бір сағаттың ішінде сөндірілді. Автобус толығымен жанып кетті.
Төтенше жағдайды жоюға Жамбыл облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 6 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.