Таяушығыстық респираторлық синдромды коронавирусының бастапқы кезеңдерінде ерекше белгілері байқалмайды. Бұл дертке ағзасының қорғаныш күші әлсіреген, созылмалы өкпе ауруымен, қант диабетімен және бүйрек ауруларымен сырқаттанатын жандар душар болады. Әзірге бұл ауруға қарсы вакцина жоқ.
ДДСҰ-ның 9 маусымдағы мәліметтеріне сәйкес, БВРС-КоВ/ MERS вирусын жұқтырудың әлемде 1218 оқиғасы тіркелді, одан 449 адам көз жұмды. Ал Кореяда бұл ауруды 138 адам жұқтырып, оның 14-і ажал құшқан.
ДДСҰ төтенше комитетінің Женевада өтетін алдағы кездесуінде аталған вирус эпидемиологиясы бойынша техникалық ақпарат және MERS-ке байланысты алдын алу ақпараттары ұсынылмақ.