Германия үкіметінің басшысы елде электр энергиясын өндіру көлемін арттыру қажет екенін, бұл энергетикалық тарифтерді тұрақтандыруға және мүмкін болса төмендетуге бағытталғанын айтқан.
Оның айтуынша, екі апта бұрын Ганновердегі өнеркәсіптік жәрмеңкеде бұл идеяның қиял емес, керісінше қолжетімді мақсат екені және Германияның осы бағыттағы ғылыми зерттеулерде алдыңғы қатарда екені көрінген. 13 мамырда федералдық үкімет электр станцияларын дамыту стратегиясын бекітеді және елде жаңа газ электр станцияларын салуға арналған конкурс рәсімдерін іске қосады. Бұл станциялар энергетикалық жүйенің базалық жүктемесін қамтамасыз етуге тиіс.
Мерц сонымен қатар бұл мақсатқа жету үшін жаңа газ электр станциялары қажет екенін, олар жаңартылатын энергия көздерін кеңейтумен қатар жұмыс істейтінін және «жасыл энергетиканы дамыту бағытына еш күмән келтірілмейтінін» атап өтті.
Айта кетейік, өткен айда Фридрих Мерц Германия саясаткерлері рейтингінде алғаш рет соңғы орынға түскен болатын.