Брифинг барысында сөйлеген сөзінде партия жетекшісі Мәжілісті тарқатудың қажеттіліктеріне де назар аударды. «Ең біріншіден, қажеттілік әлемдегі жаһандық дағдарысқа қатысты болды. Мен бұл дағдарысқа әлемдегі барша капиталистік елдер мейлінше үлес қосты деп айтар едім. Біз солардың әсерінен жапа шегіп отырмыз. Бүгінгі әлемде экономикалық дағдарыс қана емес, әскери қақтығыстар да, әлеуметтік, саяси қысымдар да күшейіп отыр. Сондықтан да, бұндай уақытта өз саясатымызды бекемдеу үшін жаңа міндеттерге көшуге тиіспіз, Елбасының шешімін сондықтан да қолдаймыз», - деді В. Косарев.
Оның айтуынша, сайлау еліміздің де, сайлаушылардың, яғни қарапайым халықтың да, қоғамдық күштердің де Қазақстанның дәл қазіргі жағдайы мен тіршілігіне талдау жасауға үлкен серпін береді. Соған орай В. Косарев алдағы саяси додаға елдегі барлық саяси партиялар ерекше дайындықпен қатысатынына сенім білдірді.