Осыдан екі ай бұрын бостандыққа шыққан Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Мақажанов қайтадан колонияға жіберілді, деп хабарлайды Kazinform.
Алматы облысы сотының мәліметіне сүйенсек, бүгінде Мақажанов жазасын одан әрі өтеу үшін ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№64 мекемесіне» жеткізілді.
Ведомстводан атап өткендей, бұған дейін Қонаев қалалық соты Мақажановқа қатысты жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы қаулы шығарған болатын. Алайда Алматы облыстық соты бұл қаулының күшін жойды.
Сот жаңа қаулыны орындау үшін Астана полиция департаментіне жіберді.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.