Мешiмбаеваға қатысты сот үкiмi 14 ақпанда жарияланбақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Статистика агенттiгiнiң бұрынғы төрайымы Анар Мешiмбаеваға қатысты сот үкiмi 14 ақпанда жарияланады.

"Сот үкiмiн жариялау үшiн келесi сот отырысы 14 ақпанда, жұма күнi сағат 17:00-де өтедi", - дедi Есiл аудандық сотының судьясы Ақмарал Исаева.

Айта кетейiк, бүгiн Астанада Есiл аудандық сотында прокурор Дәурен Әшiмов ҚР Статистика агенттiгiнiң бұрынғы басшысы Анар Мешiмбаеваға 8 жыл бас бостандығынан айыру және жеке мүлкiн тәркiлеу жазасын тағайындауды сұраған болатын.

Өз кезегiнде айыпталушы тарап өздерiнiң кiнәлi еместiктерiн алға тартты.