Тергеу-тексеру амалдарынан анықталғандай, Стюарт Харнесс және Гэвин Хампфрис есімді тәртіп сақшылары жанар-жағар майды пайдалана отырып, тез тұтанатын жарылғыш зат дайындап, оны "Гримсби" деп аталатын ислам мәдениеті орталығына лақтырған. Оларды мешітке дейін автокөлікпен жеткізіп салған Даниэль Кресси де темір тордың ар жағына тоғытылып, алты жылға абақтыға жабылды.
Сот мәжілісі кезінде бұлтартпайтын айғақ ретінде келтірілген бейнебақылау камерасындағы жазба қаскүнемдердің қылмысын әшкерелеп берді.
Аталмыш лаңкестік оқиға үстіміздегі жылдың мамыр айында орын болатын. Олардың мұндай қастандыққа олар Ли Ригли есімді сарбаздың кісі қолынан қаза тапқанын желеу етіп, кек қайтару мақсатында барғандарын айтуда, деп хабарлады muslim.kz.