Қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жалған ақпарат Facebook әлеуметтік желісінде жарияланған. Оны полицейлер әлеуметтік желілердегі ақпараттарға мониторинг жүргізу барысында анықтаған.
«Жедел іздестіру шаралары барысында жалған хабарламаны таратты деген күдікпен 52 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Қазіргі таңда аталған жәйт бойынша Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігі бойынша іс қозғалып, Әл-Фараби аудандық ПБ тергеу шаралары жүргізілуде», - делінген мәліметте.