Мешіттегі газ баллон жарылысы: оқиға орнына облыс басшылығы барды

АСТАНА. KAZINFORM – Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Сабынды ауылындағы бұрынғы мешітте ас беру кезінде газ баллоны жарылып, 3 адам мерт болды және 16 адам зардап шекті. Оқиға орнына облыс әкімінің бірінші орынбасары барды.

Фото: Видеодан алынған кадр

«Қорғалжын ауданындағы оқиға орнына Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Ердос Рамазанов барды. Жергілікті атқарушы органдар барлық қажетті көмек көрсетеді», - деген хабар алдық облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақмола облысында бұрынғы мешітте ас беру кезінде газ баллоны жарылып, үш адам мерт болды

Сондай-ақ, зардап шеккен 16 адам Астана қаласына ауруханаға жеткізілді. Елорданың денсаулық сақтау басқармасы газ баллоны жарылысынан зардап шеккен адамдардың қазіргі халі туралы мәлеметпен бөлісті