2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші турда Австрия құрамасына қарсы матчта 38 жастағы шабуылшы ойынның 39-минутында гол соқты.
Осылайша Месси әлем чемпионаттарындағы 17-голын тіркеп, тарихи рекорд орнатты.
Ол бұған дейін 16 голмен көш бастап тұрған Германия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Мирослав Клозенің рекордын жаңартты.
Бұған дейін аргентиналық футболшы Алжирге қарсы матчта хет-трик жасап, Клозенің көрсеткішіне теңескен еді.
Клозе рекорды жаңарса, бұған қуанышты болатынын айтып, Аргентина құрамасының капитанын «данышпан» деп атаған.
Қазір Мессидің еншісінде әлем чемпионаттарында соғылған 17 гол бар. Одан кейін Роналдо (15), Герд Мюллер (14) және Килиан Мбаппе (14) тұр.
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты АҚШ; Канада мен Мексикада өтеді. Турнир 19 шілдеде аяқталады.
Қазіргі әлем чемпионы — Аргентина құрамасы.
2026 жылғы әлем чемпионатының жаңалықтарын мына жерден біле аласыздар.