АСТАНА. ҚазАқпарат – Қатарда футболдан әлем чемпионатының финалында Аргентинаны бастап шыққан капитан әрі шабуылшы Лионель Месси рекорд орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл Лионель Мессидің әлем чемпионаттарының финалдық сатысындағы 26-шы матчы еді.
Бұған дейін рекорд германиялық белгілі ойыншы Лотар Маттеуске тиесілі еді. 1990 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы дүниежүзілік біріншілікте 25 ойын өткізген болатын.
Осылайша, 35 жастағы Месси тағы бір рекорд орнатты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Хорватия құрамасының Мароккодан басым түсіп, қола жүлде жеңіп алғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ, Хорватия құрамасының қақпашысы соққыны қайтару жөнінен үздік атанды.
Фото: DAN MULLAN/GETTY IMAGES
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).