Бұл туралы ESPN FC хабарлады.
Басылымның мәліметіне қарағанда, Месси каталондық клуб құрамының жасақталуына көңілі толмайды, ал бразилиялық форвард Неймар «Пари Сен-Жермен» клубына кеткеннен кейін бұл ойына одан сайын беки түсті.
Испандық ақпаратқа сенсек, осы жолы Месси «Барселонадан» шындап кетуге ниетті.
Бұдан ертерек, ағылшындық «Манчестер Сити» клубының Мессидің ауысуына €300 млн төлеуге дайын екендігі айтылған болатын.