«Барселонаның» президенті Хосеп Бартомеу 29 жасар аргентиналықтың әкесі Хорхе Мессимен кездесіп, тараптар келісімшарттың негізгі бағыттары бойынша келісімге келді, деп хабарлады испаниялық басылым Marca.
Келісім әзірге бүге-шігесіне дейін жарияланбай отыр. Алайда осыған дейін Мессидің каталониялықтардың жылына €30 млн жалақы төлеу жөніндегі бірінші ұсынысынан бас тартқандығы хабарланды.