Үшінші орында да «Барселона» ойыншысы Неймар тұр. Лионель Мессидің табысы 2014 жылы 65 млн. еуроға жеткен. Бұл жетістігімен ол Криштиану Роналдудан (54 млн.) айтарлықтай озып кетті, деп жазады France Football. Оның табысының артуына клубпен және жарнама агенттіктерімен жасалған келісімдердің көп болуы әсер еткен. Бұл сатыда Неймардың табысы 36,5 млн. еуроға жетті. 2014 жылы ең көп табыс тапқан футболшылар: 1. Лионель Месси (Аргентина, «Барселона») - 65 миллионов еуро, 2. Криштиану Роналду (Португалия, «Реал») - 54 млн., 3. Неймар (Бразилия, «Барселона») - 36,5 млн. 4. Тиаго Силва (Бразилия, «Пари Сен-Жермен») - 27,5 млн. 5. Робин ван Перси (Нидерланды, «Манчестер Юнайтед») - 25,6 млн., 6. Гарет Бейл (Уэльс, «Реал») - 23,8 млн., 7. Уэйн Руни (Англия, «Манчестер Юнайтед») - 22,5 млн., 8. Златан Ибрагимович (Швеция, «Пари Сен-Жермен») - 21,5 млн., 9. Серхио Агуэро (Аргентина, «Манчестер Сити») - 21,2 млн., 10. Роберт Левандовский (Польша, «Бавария») - 20,2 млн.
05:03, 26 Наурыз 2015
Месси бір жылда 65 млн.еуро табыс тауып, Роналдудан озып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Барселона шабуылшысы Л.Мессидің жылдық табысы 65 млн.еуроға жетіп, ол «Реал» жұлдызы Роналдудан озып кетті, деп хабарлады vesti.kz.