Месси бір голмен екі рекорд орнатты
АСТАНА. KAZINFORM — «Интер Майами» шабуылшысы Лионель Мессидің MLS матчында (3:1) «Лос-Анджелес Гэлакси» қақпасына соққан голы 38 жастағы футболшының мансабындағы 875-ші голы болды, деп хабарлады Goal.
Аргентиналық шабуылшы бұл нәтижеге тарихтағы кез келген футболшыдан тезірек жетті, ол 1116 кездесуде бұл нәтижеге қол жеткізді.
Сондай-ақ Месси 875 гол соққан ең жас ойыншы атанды.
Айта кетейік, Месси «Интер Майамиде» 2023 жылдың жазынан бері өнер көрсетіп келеді. Осы кезеңде ол барлық турнирлерде 71 матчқа қатысып, 59 гол соқты, 29 нәтижелі пас берді.
Футболшының клубпен қазіргі еңбек келісімі 2025 жылдың соңына дейін жарамды. Ақпаратқа сәйкес, футболшының нарықтағы құны 18 миллион еуроны құрайды.
Еске сала кетейік, әлемдік футбол жұлдыздары 26 тамызда Өзбекстанға келеді.