Осыдан соң бұл жобаның авторы камерундық форвард Самуэль Это'О іс-шараның өтпейтіндігін мәлімдеді. Футболшылардың райларынан қайтуына бүлікшілердің елде ойран салуы себеп. Қайырымдылық матчынан түскен табыс Африка балаларына жұмсалатындығы айтылған.
Бұл ойынға «Барселонаның» қос үздігімен қатар Деку, Джей-Джей Окоча, Самуэль Это'О, Эден Азар, Стефан Аппиа, Карлес Пуйоль, Коло Туре, Эмре Белезоглу және Марсель Десайи секілді кіл мықтылар қатысады деп жоспарланған болатын.