АСТАНА. ҚазАқпарат – «ПСЖ» (Париж) командасының шабуылшылары Лионель Месси мен Килиан Мбаппе Қатарда өткен әлем чемпионатынан кейін алғаш рет кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сhampionat.com сайтынан алынған мәліметке қарағанда, қысқа мерзімді демалыс алған Мбаппе «ПСЖ» клубына қайта оралды. Жуырда Месси де «ПСЖ» командасы құрамында Франция біріншілігінде «Анжемен» өткен матчта алаңға шығып, гол соққан еді. Қос жұлдыздың биылғы бірінші кездесуі оң шырайда өткен, футболшылар жылы көріскен.
Қатардағы әлем біріншілігінен кейін Аргентина құрамасының қақпашысы Эмилиано Мартинес франциялық шабуылшыны әжуалауға тырысқан болатын. Бұған Месси кедергі келтірмеген еді. Бірақ осыған орай Мбаппе ешқандай пікір білдірмеді. Оның орнына Мессиді әлем чемпионы атануымен құттықтады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Карим Бенземаның Испания суперкубогінде Мессидің рекордын қайталағанын жазған болатынбыз.
Фото – Сhampionat.com.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).