Португалдық футболшының нигериялық жанкүйері аргентиналық аяқдопшының жанкүйерін өлтіріп тастады. 24 жастағы нигериялық Мумбаи маңындағы Наласопаре елді мекенінде досын өлтіргені үшін құрықталды.
«Спорт-Экспресс» баспасының хабаралуынша, жолдастары Месси жанкүйерінің 34 жасқа толғанын тойлатып жатқан. Бір мезетте қос форвард жайында дау шығып, соңы төбелеске ұласқан. Той иесі қарсыласына стақан атса, өз кезегінде Роналду жанкүйері сынған стақанның сынығын алып, досына шабуыл жасаған. Кейін ол пәтерде қансыраған досын сол күйі тастап, оқиға орнынан қашып кеткен, деп жазады 24.кз.